• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    isport.ua

    Саудиялық клубтар тағы танымал футболшыларды сатып алуды жоспарлап отыр

    Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол лигасы жазғы трансфер кезінде екі миллиард фунт жұмсауға дайындалып жатыр.

    Америкалық журналист Бен Джейкобстың айтуынша, Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол клубтары жазғы трансфер кезінде әлемге әйгілі футболшыларды сатып алуды көздеп отыр.

    «Әл-Наср» мен «Әл-Хиләл» «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық танытып жатқан сияқты. Ал «Әл-Иттихад» «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Мохаммед Салахты өз қатарынан көргісі келеді екен.

    Сонымен бірге Стивен Джеррардтың «Әл-Иттифақ» командасы «Ливерпуль» клубынан Тиаго Алькантараны сатып алуды жоспарлап отыр. «Әл-Хилал» мен «Әл-Ахли» Сон Хён Мин мен Виктор Осимхенді де сатып алғысы келетін көрінеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *