InDrive компаниясы құрған Aurora Tech Award 2024 сыйлығы байқаудың шорт-листін жариялады. Оған 20 стартаптың негізін қалаған әйелдер кірді. Оның үшеуі Қазақстанның өкілдері. Байқауға 102 елден барлығы 649 өтінім келіп түсті.
Шорт-листке Your Accessible Guide-нің негізін қалаған Надежда Анпилогова, Porte Tech-ді құрған Айдана Айтуарова мен Ozim платформасын жасаған Әсем Тажиева кірді.
Өткен жылғы Aurora Tech сыйлығының жеңімпаздары мен әлемнің әйгілі салалық сарапшылары биылғы жылғы жеңімпаздарды таңдайды. Жеңімпаздардың есімдері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні белгілі болады. Олар бірінші, екінші және үшінші орын үшін 30 000 АҚШ долларын, 20 000 доллар мен 10 000 доллар ақшалай сыйлық алады. Рәсімді тамашалау үшін осында тіркелу керек.
Your Accessible Guide – мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді туризмді ілгерілетуге арналған инклюзивті цифрлық өнімдердің экожүйесі.
Біз жұмысымызда, картаға ерекше қажеттіліктері бар туристерге қолжетімді бағыттар мен нүктелерді түсіріп, зерттелмеген континентті тауып жатқан сияқтымыз. Ал, теңдік пен инклюзия идеяларын қолдайтын мұндай жарыстар – желкенімізге соққан жел. Біз Aurora Tech Award сыйлығының шорт-листіне енгенімізге өте қуаныштымыз және марапат сарапшылары мен тәлімгерлерінің көмегімен жобаны дамытуға маңызды қадамдар жасай аламыз деп үміттенеміз. Байқау алаңынан адамдар біз туралы неғұрлым көп естісе, соғұрлым олар туризмдегі инклюзия және қолжетімділік тақырыбымен көбірек танысып, саяхатты барлығына қолжетімді ете алады, — деді жобаның негізін қалаушы Надежда Анпилогова.
Porte Tech – RFID карталарын, автотұрақ пульттерін, қағаз рұқсаттарын және магниттерді бір қолданбаға біріктіру арқылы шығындар мен уақытты азайтуға көмектесетін, ESG-ге бағдарланған, автоматтандырылған «есік кілті» бар веб-қосымшасы.
Шорт-листке енгеніме таң қалдым. Неліктен мен өтінім беруді шештім? Әрине, мен жүлде алғым келеді. Бірақ, мен өз бизнесіміздің мәнін көрсеткім келді. Көбінесе байқауларға қатысқан кезде әлеуметтік жоба болғандықтан біз жүлделі орынға ие болмайтынбыз. Бірақ, дұрыс бағыты мен мақсаты бар бизнесте конкурсқа қатысу өте маңызды деп есептеймін. Porte-де біз әдеттерді өзгертеміз, процестерді тиімді етіп жасаймыз және пластикалық карталар түріндегі қажетсіз шығындарды алып тастаймыз, — деп түсіндіреді жобаның негізін қалаушы Айдана Айтуарова.
Ozim платформасының, яғни ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларды зерттеу негізінде білім беру және психологиялық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобаның негізін қалаушысы Әсем Тажиева болса, бүгінгі күнге дейін Aurora Tech Award сыйлығына қатысуға шешім қабылдай алмағанын, ол үлкен халықаралық байқау болғандықтан, оған қатысу қиын болады деп ойлағанын айтты.
Мен өтінішімді 15 минутта тіркегенімде таң қалдым. Біздің шорт-листке енгенімізді және финалистер қандай артықшылықтарға ие болатынын білгенде, қатты қуандым. Өйткені, дәл қазір бізге инвестицияны қаржыландыру, бизнес-модельдер және масштабтау саласындағы тәлімгерлер қажет. Мен байқауда жеңіске жетіп, ақшалай сыйлық ұтып аламын деп үміттенемін. Оны ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған Ozim платформасы мобильді қосымшасын әзірлеуге жұмсаймын, — деді ол.
Aurora Tech Award сыйлығының атқарушы директоры Екатерина Смирнованың айтуынша, өз компаниясының венчурлық серіктестері қиындыққа қарамастан IT көшбасшы әйелдердің артып келе жатқанын көрсететін барлық өтінімдердің әрқайсысын мұқият бағалады. Биылғы марапаттар осы құрылтайшылардың жұмысын ерекше көңіл аударып, сонымен қатар жобалардың әртүрлілігін және жергілікті үлгілердің өзгерістерді ынталандырудағы маңызды рөлін атап өтеді.
InDrive командасы IT саласындағы гендерлік теңдікті барынша қолдайды.
Біз әйелдерді олардың жетістіктерін мойындайтын марапаттар арқылы танып, қолдайтынымызды мақтан тұтып, олардың елеулі үлестерін белсенді түрде насихаттаймыз, — деп атап өтті компанияда.
Қазылар алқасына әлеуметтік кәсіпкер және Kashf қорының бас директоры Садаффе Абид ханым (Пәкістан), Carsome (Малайзия) пайдаланушы тәжірибесінің жетекшісі Леонор Коньо, Eventtus компаниясының бас директоры және осы компанияның негізін қалаушысы Май Медхат (Мысыр), Mukuru Clean Stoves негізін қалаушы және бас директоры Шарло Магайи (Кения), Monashees директоры Саллиен Алмейда мен inDrive компаниясының бас заң кеңесшісі Татьяна Терентьева мүше болып отыр.
2024 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары 8 наурызда auroratechaward.com сайтында онлайн рәсімде жарияланады.
2024 Aurora Tech Award сыйлығының шорт-листіне үміткерлер тізімі:
Әйелдер арасында созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін жасанды интеллекттің озық үлгілерін әзірлеуге бағытталған Huna стартапының бас директоры бразилиялық Даниэлла Кастро пен колумбиялық Марва Хаге кірді.
Оның Munily App стартапы қауіпсіз және байланысқан қауымдастықтар құру үшін бағдарламалық құралды пайдаланады.
Азиядағы қалалық үй жануарлары иелеріне арналған үй жануарларын күту Fluv маркетплейсінің бас директоры және негізін қалаушысы тайваньдық Кэндис Чен, эквадорлық Джозелин Дель Росарио мүше болды. Оның DREx стартапы E.S.G. гринвошинг тәжірибелерін болдырмайтын, бақылау және ашықтықты жақсартатын, тұрақты қаржы әлеуетін ашатын платформа әзірлеуде.
Отандасымыз Надежда Анпилогова мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді туризмді дамытуға арналған инклюзивті цифрлық өнімдердің экожүйесі – Your Accessible Guide бағдарламасының негізін қалаушысы.
Тағы бір қазақстандық Мария Дмитриева экологиялық, әлеуметтік, аспекттер мен басқарушылықты (ESG) бағалау мен ақпаратты ашуға бизнеске революциялық іскерлік көзқарасты ұстанатын EcoDisclosure жетекші компаниясының бас директоры және негізін қалаушысы.
Испаниялық Сандра Монтес Перестің ScrapAd стартапы 70 елде қолжетімді қайта өңдеуге болатын тауарларды сатып алуға және сатуға арналған платформа.
Аргентиналық Паула Монтичелли (Paula Monticelli) өзінің CryptoMate стартапымен ол инновациялық цифрлық шешімдерді жасау арқылы web3-ке қолжетімділікті жақсартқысы келеді.
БАӘ өкілі Рим Жоурданның Skatch стартапы – көк және сұр жағалы қызметкерлерге арналған кәсіби платформа. Таяу Шығыс пен Африка аймағына назар аудара отырып, Skatch техникалық мамандарға, көк жағалы қызметкерлерге, сату мамандарына және білімі төмен басқа мамандарға жасанды интеллект, ойын және қауымдастық құру арқылы жұмыс тауып, біліктілікті арттыруға көмектесуді мақсат етеді.
Айдана Айтуарованың пікірінше, Porte Tech негізін қалаушы ретінде ол туған қаласының тұрақты дамуына үлес қосуда. Оның компаниясының веб-қолданбасы автоматтандырылған «есік кілті» бар ESG бағдарланған веб-бағдарламасы RFID карталарын, автотұрақ пульттерін, қағаз рұқсаттарын және магниттерді бір қолданбаға біріктіру арқылы шығындар мен уақытты азайтуға көмектеседі.
Intrare негізін қалаушы және бас директоры мексикалық Ханна Теплер Intrare дегеніміз қызметкерлерді іріктеу кезінде біржақтылықты жою үшін өзінің жасанды интеллектін жасайтын әлеуметтік технология екенін айтты.
Intrare миссиясы — кедейлік циклін бұзу үшін миллиондаған босқындарды, маргиналданған әйелдерді, LGBTIQ+ өкілдерін және басқа да әртүрлі таланттарды лайықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Адамдарға сөйлеу қабілетін жақсартуға көмектесетін Mila4AI қолданбасын жасаушысы Өзбекстан азаматы Фируза Эшонованың айтуынша, қосымша емделу кезінде терапевттің қатысуынсыз ауыз моторикасы мен артикуляциялық жаттығуларды тағайындау үшін жасанды интеллектті пайдаланады, бұл логопедтерге қол жеткізе алмайтын аймақтарда тұратындардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ал Әсем Тәжиеваның айутынша, ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларды зерттеуге негізделген білім беру және психологиялық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобасы — Ozim платформасының негізін қалаушысы.
Кипрлік Айра Монгуш Mathhub стартапы қол жетімді техникалық білім беру, оқытуды күшейту және топтық теорияны машиналық оқытуды зерттеуге қолдану үшін ғаламдық жоғары әсерлі deep tech жобаларды құруға бағытталғанын айттын.
Нигериялық Чинвенду Нвеке Bridge Merchant Enterprises компаниясының негізін қалаушы. Оның мақсаты – технологиялар мен адамдарға бағытталған шешімдер арқылы дүние жүзінде аштық пен кедейлікті жою.
Индонезия тұрғыны Алена Щавлеваның сөзіне қарағанда, емделушінің көмек пен қолдауға деген қажеттіліктерін оның ортасындағы ресурстармен сәйкес келтіретін Effelp стартапының негізін қалайды.
Гонконгтың Neurum Health компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры Меган Лам санаға және салауатты өмірге маңызды өзгерістер енгізуге әуес.
Нидерланд азаматы Жасмин Кок сенімді және сүйіспеншілікке толы күтушілер мен көмекшілердің Nina.care деректер базасының негізін қалаушысы. Оның өте жылдам қосымшасы барлығын қысқа уақытта реттейді.
Ботсванадан келген Сара Молема Deaftronics (Pty) Ltd негізін қалаушы. Ол есту қабілеті бұзылған адамдар өз құқықтарын шектеусіз пайдалануы керек деп санайды. Сондықтан ол дамушы елдердегі есту қабілеті нашар адамдар үшін күн энергиясымен жұмыс істейтін есту аппаратын жасап шығарды.
Фолаке Оводуннидің Emergency Response Africa стартапы Африкада денсаулық сақтауды қолжетімді етуді мақсат етеді.
Жоба жайлы
Aurora Tech Award — әлемдік көлік және қалалық қызмет көрсету платформасы, InDrive компаниясының коммерциялық емес бастамасы. Aurora Tech Award сыйлығы жобалары жаһандық дамуға терең әсер еткен технологиялық стартаптардың негізін қалаушы әйелдерге беріледі. Сыйлықтың мақсаты – озық технологиялар саласындағы әйелдерге, әсіресе, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету.
InDrive – көлік пен қалалық қызметтерінің жаһандық платформасы. InDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп, 2023 жылы әлем бойынша екінші ең танымал мобильді қосымша болды.
Қалалық сапарларға тапсырыстан басқа, InDrive қалааралық сапарларды, жүк тасымалын, шеберді шақыру және курьерлік жеткізуді қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады. 2023 жылы InDrive венчурлық капиталға инвестициялар мен қосылулар мен сатып алуға бағытталған New Ventures, жаңа бөлімшесін іске қосты.
InDrive 46 елдегі 700-ден астам қалада жұмыс істейді. Әлеуметтік әділетсіздікпен күресу миссиясына негізделген компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуді мақсат етеді. Компания бұл мақсатқа әділ баға моделі арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын негізгі қызметі арқылы да, оның InVision коммерциялық емес бөлімшесі жұмысы арқылы да көздейді. InVision қауымдастығының мүмкіндіктерін кеңейту бағдарламалары білім, спорт, өнер және ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды ілгерілетуге көмектеседі.
Қосымша ақпарат www.inDrive.com сайтында.
InDrive компаниясы
Айдана Айтуарова
Әсем Тәжиева
Надежда Анпилогова