• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Тәжікстан футбол федерациясы

    Азия кубогы: Өзбекстан мен Тәжікстан плей-оффқа шықты

    Осы күндері Катарда футболдан Азия кубогы жолындағы турнир болып жатыр. Турнир 12 қаңтарда басталған. 10 ақпанда финал болады. Сол күні сарықұрлықтың биылғы кубогының иегері анықталады.

    Биылғы додаға қалыптасқан дәстүр бойынша 24 елдің ұлттық құрамалары қатысуда. Кеше өз топтарында алғашқы екі орынды жеңіп алған 16 команда 1/8 финалға шықты. Өз топтарында үшінші және тқртынші орында қалған басқа құрамалар турнирмен қош айтысты. Соның ішінде Орталық Азиядан Қырғызстанның жасағы да бар. Ал Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінің ұлттық құрамалары өз топтарында екінші орынды иеленіп, келесі айналымға жолдама алды. Сөйтіп, олар жанкүйерлерін тағы бір рет қуантты. Әсіресе, тәжік елінің футболшылары 1/8 финалға шығып, сенсация жасады.

    Тәжікстан А тобында Катарды ғана алға жіберіп, екінші орын алды. Олар Қытай мен Ливанды артта қалдырды. Ал Өзбекстан В тобында Аустралияны ғана бірінші орынға шығарып, өздері екінші орынды қанағат тұтты. Өзбек футболшыларынан кейін Сирия мен Үндістанның құрамалары үшінші және төртінші орынды қалды.

    Енді Өзбекстан Азия кубогының 1/8 финалында Таиланд құрамасымен ойнайды. Ал Тәжікстан командасы Біріккен Араб Әмірліктерімен күш сынасады.

    Олардан басқа құрлық кубогының 1/8 финалында Австралия – Индонезия, Ирак – Иордания, Катар – Палестина, Сауд Арабиясы – Оңтүстік Корея, Бахрейн – Жапония, Иран – Сирия бақ сынасады.

    Палестина, Сирия, Иордания мен Индонезия өз топтарында үшінші орын алса да ұпай санымен және доп айырмашылығымен келесі айналымға шықты.

    Азия кубогының 1/8 финалдық ойындары 28-31 қаңтар аралығында өтеді.

    Азия кубогының қазіргі иегері – Аустралия. Бұл елдің құрамасы 2022 жылы финалда БАӘ 2:1 есебімен жеңген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *