• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мырзағали Айтжанов — шойын жұдырықты жаттықтырушы

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың кезінде шаршы алаңда ел намысын қорғап, дүрмекті додаларда еліміздің жалауын биікке көтерткен атақты былғары қолғап шебері болғанын білеміз. Жақында біз, www.sportpress.kz сайтының редакциясы Мырзекеңнің 1990-жылдардағы жекпе-жектерін қарап отырып, ықшамдалып түсірілген мына видеоны жариялауды жөн көрдік.

    Бұл бейнежазбада Мырзағали Айтжановтың рингте намысты қолдан бермейтін нокаутер боксшы болғанын, қарсыластарын бірінен соң бірін сұлатып, тізе бүктіріп жатқанын көруге болады.

    Мырзағали Құланұлы 1970 жылы 13 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,  Қарабастау ауылында туған.  Ол бала кезінен былғары қолғапты киіп, шаршы алаңның шаңын қағып өскен. Кейін ер жетіп, республика құрамында КСРО чемпионатын жеңіп алған. 1988 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионы атанған. Мырзағали Айтжанов өзінің жаттықтырушылық қызметін 1996 жылдан бастап, осы кезге дейін жалғастырып келеді. 2000 — 2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының аға жаттықтырушы қызметін атқарады. 2009 жылдан бері Қазақстанның бокстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушы. Қазір оның қарамағында жаттығып, ұлттық құрама сапында шаршы алаңға шығып жатқан боксшылар Олимпиада, әлем, Азия чемпионы атанып, талай дүбірлі додаларда топ жарып жүр.

    Мырзағали Құланұлы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *