30 наурыз – 1 сәуір аралығында Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі өтеді. Жарысқа Қазақстаннан 21 дзюдошы қатысады.
Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан — Рустам Ибраев (60 кг), Бауыржан Жауынтаев (60 кг), Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг), Қайрат Ағыбаев (66 кг), Азамат Мұқанов (73 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Сұңғат Закарияев (-90 кг), Жасұлан Мұхаметханов (-100 кг), Әділхан Қозыбаев (-100 кг), Даурен Нұралинов (+100 кг), Әділ Оразбаев (+100 кг) ал, әйелдер арасынан — Салтанат Сұлтанбекова (48 кг), Айдана Бугилбаева(48 кг), Жадыра Әміртаева (52 кг), Ақниет Тұрдан (63 кг), Динара Құдарова (-70 кг), Ажар Салықова (-70 кг), Назгүл Маратова (-78 кг), Саида Капсалыкова (+78 кг), Зарина Абдурасулова (+78 кг) қорғайды.
Жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде 30-31 наурыз күндері сағат 17.55-те көрсетеді.
Ал үшінші күнгі белдесулерді 2 сәуір күні сағат 20.30-да көре аласыздар.
Гүлім БАЙГЕРЕЕВА