Мысыр елінде пара үстел теннисінен өткен Fa40 ашық чемпионатында еліміздің спортшылары 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жарыста аралас жұп разрядында өнер көрсеткен Талғат Эрекеев пен Алтынай Ержанқызы күміс медальді иеленді. Ал, жұптық разрядтағы бәсекеде Али Махулбеков пен Талғат Эрекеев қола жүлдені қанағант тұтты.
Fa40 ашық чемпионаты Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік жарыстардың бірі болып келеді. Біздің спортшыларымыз әрдайым өз шеберлігін шыңдап, көрсеткіштерін жаңартып отыру керек. Пара үстел теннисінде рейтингтерге ұпайлар Fa20 және Fa40 жарыстарында беріледі. Fа40-тың ерекшелігі, рейтингке жоғары ұпайлар беріледі. Жарысқа тек Fa20-да өнер көрсеткен спортшылар ғана қатыса алады. Жалпы, бір жылда Fa40 жарыстары бес рет өтсе, Fa20 шамамен 20-25 рет болады.
Жуырда наурыз айында Астанада тұңғыш рет рейтингтік Fа20 ашық чемпионаты өтетін болады. Оған 14 мемлекеттен 135 спортшы қатысуы жоспарлануда, — деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара үстел теннисінен команда басшысы Ерлан Дусмаилов.
Fa40 чемпионаты 23-28 қаңтар аралығында Гиза қаласында өтті. Жарысқа 27 елден 190 спортшы қатысты.