Әлем футболының жарық жұлдызы, мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының ойыншысы сәуірдің 28 мен 30 күні Алматыда өтетін УЕФА Кубогының төрттік финалында «Қайратты» қолдайтынын білдіріп, видео үндеу жолдады.
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Баварияға» қарсы матчта үздік атанған футболшы «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде видео жазған.
«Сәлем! Менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА Кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, «Қайрат», — деді Марсело.
Естеріңізге салайық, футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалы «Алматы Аренада» өтеді. Алматылықтар жартылай финалда «Интермен» кездеседі. Мадридтік команданың сапында Әлемді шеберлігімен мойындатқан Рикардинью ойнайды.
Біз де Реалды қолдаймыз! 😉