• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    championat.com

    Англияның клубы Өзбекстанның футболшысын шақырды

    «Брентфорд» Мухаммедали Уринбоевтың трансферін жариялады.

    Англияның «Брентфорд» клубы «Пахтакор» ойыншысы Мухаммедали Уринбоевпен келісімшарт жасағанын жариялады.

    18 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушыны АПЛ клубы жарты жылға жалға алды.

    Ағылшын клубының хабарлауынша, «Брентфорд» маусым соңында Мухаммедали Уринбоевты сатып алу құқығына ие болады.  Ол Нил Макфарлейн басқаратын екінші командада ойнайды.

    Кез келген футболшы Премьер-лигада ойнауды армандайды. Мен де сол арманға бір қадам жақындағаныма өте қуаныштымын. Енді мен осында бар күш-жігерімді саламын.  Англияда өзбек ойыншыларының қабілет-қарымын бүкіл әлемге көрсетемін, — деді Уринбоев.

    Уринбоев «Пахтакорға» 16 жасында келген. Ол команда құрамында 17 рет алаңға шыққан. Футболшы өз жас санатындағы ұлттық құрамада да ойнап жүр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *