Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында грек-рим күресінің балуандары екі күн бойы кілемге шығып, өзара чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады.
Бұған дейін ел чемпионатында 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салып, шын мықтылар құрмет тұғырының ең биік сатысына кқтерілген еді. Енді міне, 60, 67, 77, 87 және 130 кг салмақ дәрежесіндегі балуандардың арасында пьедесталға көтерілген спортшылардың есімдері белгілі болды.
Төменде мына балуандар өз салмағында ел чемпионы және жүлдегер атанды:
60 келі
1) Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)
2) Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы)
3) Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы)
3) Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы).
67 келі
1) Мейіржан Шермағанбетов (Шымкент қаласы)
2) Дінмұхаммед Қошқар (Жамбыл облысы)
3) Алмат Аманбек (Алматы облысы)
3) Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы)
77 келі
1) Демеу Жадыраев (Алматы облысы)
2) Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы)
3) Ибрагим Магомедов (Қарағанды облысы)
3) Әбдиазим Қарабаев(Шымкент қаласы)
87 келі
1) Азамат Құстыбаев(Астана қаласы)
2) Мақсат Сайлау (Астана қаласы)
3) Тамерлан Тұрдықын (Шымкент қаласы)
3) Диас Қален (Жетісу облысы)
130 келі
1) Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы)
2) Салауат Ахметқали (ШҚО)
3) Джохар Узаров (Шымкент қаласы)
3) Мансур Шадукаев (Қостанай облысы)
Бүгін 3 ақпанда әйелдер күресі болады. Әйелдер 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келіде күш сынасады.
4 ақпанда еркін күрес шеберлері 57, 65, 74, 86, 92 келі салмақта белдеседі. Ал чемпионаттың соңғы күні, яғни 5 ақпанда кілемге тағы да еркін күрес балуандары шығып, 61, 70, 79, 97, 125 келіде шын мықтыны анықтайды.