Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан құрамасында екі спортшы помостқа шықты. Соның бірі — 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров күміс медаль иеленді.
Ол биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында жұлқа көтеруде қола жүлдені (153 кг), серпе көтеруде 190 кг зілтемірді басынан асырып, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді.
Ташкентте тағы бір ауыр атлетикан спортшымыз Әлібек Рақымберді бесіші орынмен шектелді.
Бас жүлдені ерлер арасындағы 153 келі салмақта 369 кг (169+200) нәтиже көрсеткен Солтүстік Кореяның атлеті Ри Чонг Сонг жеңіп алса, күміс медальді 343 кг зілтемірді көтерген Александр Уваров (153+190), қола жүлдені Түркіменстанның өкілі Гайгысыз Тораев иеленді. Ол 337 келіні (148+189) басынан асырды.
Әлібек Рақымберді 298 кг (130+168) бесінші оорынды қанағат тұтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА