• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    bombardir.kz

    Испанияның легионері Астанаға 1, 4 млн еуро айлыққа келе жатыр

    Lefimerida порталына сілтеме жасаған sports.kz-тің хабарлауынша, Грекияның «Ламия» клубының 33 жастағы ойыншысы Карлитос «Астана» клубымен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қою үшін келеді. Оның жалақысы да белгілі болды. Ол айына 1, 4 млн еуро айлық алады.

    Сонымен бірге «Астана» испан шабуылшысының трансфері үшін «Ламияға» 300 000 мың еуро берген.

    Карлитос Грекия чемпионатында «Ламияның» жейдесінде «Атромитос» клубына қарсы соңғы рет алаңға шықты. Ол ойыннан кейін командаластарымен және жанкүйерлермен әңгімелесіп, кідіріп қалды. Афинадан асығыс кеткісі келмеді. Енді ол «Астана» клубынан жақсы ұсыныс күтіп отыр. «Астана» «Ламияға» испан ойыншысысы 300 мың еуро төлеп қойыпты, — делінген Gazzetta.gr -дің ақпаратына сүйенген sports.kz-тің материалында.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, бірнеше елдің ұлттық чемпионаттарында ойнап, жақсы қырынан көзге түскен көрінеді. Ол барлық жерде бомбардир болған деседі. Карлитос «Ламияда» 21 матч ойнап, 10 гл салып, 4 нәтижелі пас берген екен. Одан басқа Испанияның «Торрельяно», «Эльче», «Онтеньенте», «Фуэнлабрада», «Новельда», «Эльденсе», «Вильярреал Б», Ресейдің «Петротрест», Кипрдың «Арис», Польшаның «Висла» (Краков), «Легия», БАӘ-нің «Әл-Вахда», Грекияның «Панатинаикос» клубтарында қақпаны дәл көздейтін сұрмерген болыпты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *