Филлиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысында Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада алтын медальді жеңіп алды.
Екеуі 233.5413 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.