Кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақта әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді.
Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы (17-0,12КО) қазір WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік 5 боксшының қатарында.
Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шімімен ұтып, мансабындағы 17-жеңісіне жеткен еді. Осы жеңіс оны әлемдік рейтингте жоғарылатып, бұрынғы Луис Гарсияның алдына шығарды.
Сұлтанның салмағында чемпион Америки Ламонт Роуч болса, 1-орында Отар Эраносян, 2 және 3-орында Джоно Кэрролл мен Ли Вуд тұр.
Қазір Сұлтан Зауырбек Англияның даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалып жүр.
Еркеғали БОЛАТҰЛЫ,
АСТАНА