• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/boxingkazakhstan/

    Бокстан спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды

    8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежісінде бес боксшы сынға түседі. Олар — Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов пен Жандос Қыдырәлиев, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Дулат Бекбауов Серік Теміржановпен, Ертуған Зейнуллинов  Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен қолғап түйістіреді.

    Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды.

    Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған.

    Қыздар арасындағы жеребе бойынша50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.

    54 келіде Балауса Мұздыман мен Жайна Шекербекова, Элина Базарова мен Ұлжан Сәрсенбек, Дина Жоламан мен Сымбат Әлиасқар, Сания Сұлтанқызы мен Анель Сақыш жұдырықтасады.

    66 келіде Дариға Шәкімова мен Наталья Богданова, ал Милана Сафронова осы екеуінің жекпе-жегінде жеңген боксшымен қолғап түйістіреді.

    Лаура Есенкелді Жасмин Қизатовамен күш сынасады.

    75 келіде Жібек Жарасқызы мен Гүлсая Ержан, Валентина Хальзова осы екеуінің жекпе-жегінде жеңген спортшымен бақ сынайды.

    Жеребе тарту рәсімі спаррингтік жекпе-жектерде сынға түсетін әр боксшының жеке жаттықтырушыларының қатысуымен соқыр жеребе тәртібінде ашық түрде өтті. Оның тікелей трансляциясы Қазақстан бокс федерациясының ютуб арнасында көрсетілді.

    Бүгін QAZSPORT телеарнасы сағат 16.00-де спаррингтік іріктеу жекпе-жектерін тікелей эфирден көрсетеді.

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Official page (@qazsport_official)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *