• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/boxingkazakhstan/

    Спаррингтік турнир: әзірше төрт боксшы жартылай финалға шықты

    Спаррингтік турнир: әзірше үш боксшы жартылай финалға шықты

    Астанада бокстан спаррингтік турнир басталды.  Ерлер және әйелдер арасында алғашқы жекпе-жек аяқталды.

    Ерлер арасында бірінші болып ¼ финалда шаршы алаңға 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Ертуған Зейнуллинов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шықты.

    Жекпе-жек тартысты болды. Онда төрешілер шешімімен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін де Зейнуллинов Базарбайұлынан Спартакиадада да есе жіберген еді.

    Енді рингке Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов көтеріледі. Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды.

    Мұхамедсабыр Базарбайұлы ертең Жандос Қыдыралиевпен қолғап түйістіреді.

    Қыздар арасындағы жеребе бойынша шаршы алаға бірінші болып 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылар шықты. Бұл айқаста екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекованы жеңіп, Таиландтағы іріктеу турниріне жолдама алды.

    54 келі салмақ дәрежесіндегі қыздар арасындағы ширек финалда Балауса Мұздыман мен Жайна Шекербекова күш сынасты. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен Жайна Шекербекова 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша Шекербекова спаррингтік жекпе-жектердің жартылай финалына жолдама алды.

    Осыдан кейін 54 келі салмақтың 1/4 финалында жастар арасындағы әлем чемпиондары Ұлжан Сәрсенбек пен Элина Базарова қолғап түйістірді.

    Бұл жекпе-жекте Ұлжан Сәрсенбек Элина Базарованы 5:0 есебімен жеңді.

    Элина Базарова — 2022 жылы 54 келі салмақта жастар арасында әлем чемпионы болса, Ұлжан Сәрсенбек былтыр 57 келі салмақта жастар арасында әлем чемпионатын жеңіп алған.

    Енді ертең 1/2 финалда Ұлжан Сәрсенбек пен Жайна Шекербекова өзара мықтыны анықтайды.

    Қыздар арасында Дина Жоламан мен Сымбат Әлиасқар, Сания Сұлтанқызы мен Анель Сақыш та жұдырықтасады.

    Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтетін лицензиялық турнир 23 мамыр мен 6 маусым аралығында болады.  Осы додада жеңімпаз атанғандар Олимпиадаға жолдаманы алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Official page (@qazsport_official)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *