• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Сали Сабиров

    Спаррингтік турнир: әлем чемпионы жас боксшыдан жеңілді

    Астанада бокстан өтіп жатқан бокстан спаррингтік турнирде 54 келі салмақтағы үшінші жекпе-жекте әлем чемпионы, Қазақстанның 9 дүркін чемпионы Дина Жоламан жас боксшы Сымбат Әлиасқардлан жеңіліп қалды.  

    Осылайша, 31 жастағы тәжірибелі боксшы іріктеу турнирін бірінші айналымда аяқтады. Одан кейін осы салмақтағы Анель Сақыш пен Сәния Сұлтанқызы шаршы алаңға шығып, жартылай финалдық жұпты анықтады.

    Бұл айқаста бірінші  раундта 4:1 есебімен Анель Сақыш алға шықса, екінші раундта Сәния Сұлтанқызы 3:2 есебімен өз басымдығын көрсетті. Сөйтіп, соңғы сөзді төрешілер алып, Анель Сақышты жеңімпаз деп таныды.

    Енді жартылай финалда Анель Сақыш пен Сымбат Әлиасқар кездеседі. Екінші жартылай финалда Ұлжан Сәрсенбек пен Жайна Шекербекова жұдырықтасады.

    66 келі салмақтағы жекпе-жекте Рио Олимпиадасының жүлдегері, Азия чемпионы Дариға Шәкімова мен Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова қолғап түйістірді.

    Тартысты жекпе-жекте төрешілер шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

    Оның келесі қарсыласы — әлем чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *