• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Ислам Байрамуков директор болып тағайындалды

    Белгілі спортшы Ислам Байрамуков Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің директоры болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды, — делінген хабарламада.

    Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында туған. Республикалық олимпиада резерві училищесі (1989) мен Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

    «Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *