Кеше қазақтың үні «Шалқар» радиосында қонақта болып қайттым. «Шалқар» радиосының күміс көмей, үні дара, сөзі орамды жүргізушісі Гүлбану Алпамысқызының шақырумен барып, жуырда ғана жарық көрген «Қазақ күресінің қара нарлары» атты жарыққа шыққан кітабыма қатысты терең мағыналы, мәнді сұхбат болды.
Дауысымызды үн таспаға жазған, өз саласының майталман маманы Сәбетхан Мейірханұлы бауырымыздың ақжарқын көңіліне қатты риза болдым. Аты Алашқа мәлім дауысы дара тұлға Әнуарбек Байжанбаев атамыздың еңбек еткен студиядағы мұражайды тамашалап, естелікке суретке түстік.
Сонымен Гүлбану ханыммен бір сағат бойы жүргізген сұхбатта қазақ күресінің кешегісі мен бүгіні барынша қамтылып айтылды. Гүлбану да журналистиканың қамшы салдырмас һас маманы екенін дайындаған өткір сұрақтарынан-ақ білуге болады. Хош, сонымен «Шалқар» радиосына сұхбатым алдағы сәрсенбі күні эфирге шығады. Ал, сұхбаттың қалай өткенін тыңдаушының патша көңілі алдағы уақытта бағасын бере жатар.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ