• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлемге әйгілі жапон дзюдошысы неге Ақтауға келмеді?

    Жақында Астана мен Қарағандыға әлемге әйгілі жапон дзюдошысы Шохей Ононың келіп, шеберлік сабағын өткізген болатын.

    Бұл туралы SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты да жазып, оқырманды құлағдар етті. Осы ретте ойға келетін бірн нәрсе, атақты Күншығыс елінің спортшысы неге Ақтауға келмеді? Неге оны Маңғыстау облысына өңірдің Дзюдо федерациясының басшысы шақырмады деген сауал туындайды.

    Дзюдодан Олимпиаданың екі мәрте, әлемнің жеті дүркін чемпионы, даңқты спортшы Шохей Оно қара жаяу адам емес. Ол атақ-даңқы жер-жүзіне тараған аңыз адам.

    Бірінші болып атақты дзюдошыны Қарағандының саңлақ самбошысы және спорт қайраткері Талғат Байшолақов шақырып, күтіп алды. Одан кейін Jenys кәсіпқой дзюдо клубының спортшылары әйгілі жапон спортшысынан екі сағаттық шеберлік сабақ алды. Ал 9 мамырда Астана қаласындағы Kodokan Spirit дзюдо орталығында Шохей Онодан 150-ден астам бала кеңес алып,  спорттағы әдістерін үйренді.

    Осы орайда Маңғыстау дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев пен Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев неліктен аңызға айналған дзюдо майталманын Ақтауға шақырмады деген сауал туындайды. Әлде, А.Имашев Астанаға көтеріліп кеткен соң Маңғыстауды ұмытып үлгерді ме?

    Астана мен Қарағандының спортқа жауапты басшыларына «Ономен күрескен дзюдошының арманы жоқ шығар» деп қызығып қараймын.

    Биыл Ақтаудағы Тұрар Жолдыбаев атындағы Дзюдо орталығының ашылғанына сегіз жыл болады. Облыстық дзюдо орталығынан Олимпиада, әлем және Азия чемпиондары қашан шығады? Басында әкесінің атында спорт мектебін ашқан кәсіпкер А.Жолдыбаев барлық шығынды өзі көтереді деп ойлайтын едім. Сөйтсе, олар да облыс бюджетінен қыруар қаражат алып отырады екен.

    Облыстық спорт басқармасына жыл сайын 133 млн теңге бөлінеді. Нағыз керек адамың Имашев пен Жолдыбаев Ақтауға алдыра ма деп күткенмін. Бірақ «Соны айтқызбай білетін бала қайда?» – дегендей болды.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    АҚТАУ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *