• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Қазір бокста әрбір жекпе-жек финалдан кем емес – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Таиландтың Бангкок қаласында өткен соңғы іріктеу турнирінен кейін ерлердің ұлттық құрама командасының Олимпиадаға дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлады olympic.kz.

    Ол Олимпиадаға ұлттық құраманы толық құрамды апаруды жоспарлағанын айтып, боксшылардың тқрт жылда бір айналып келетін дүрмекті додаға дайындығы тиісті деңгейде болып жатқанын атап өтті.

    Биылғы алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда бару еді. Сол мақсатымызға жеттік, ойымыз толық орындалды. Ендігі мақсат – жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралу.  Мұхамедсабырдың жолдама алғанына өте қуаныштымын. Оған оңай болған жоқ.

    Екі іріктеу жарысы да жігіттерге қиын соқты. Бангкоктегі турнирден соң да мықты деген боксшылар жолдамасыз қалды.

    Қазір бокс бес құрлықта да дамып жатыр. Сондықтан, әрбір жекпе-жек финалдан кем емес. Базарбайұлы алты рет шаршы алаңға шығып, лицензия алып отыр. Оған тек жарайсың дейміз.

    Бізге қолдау көрсетіп жатқан басшыларға алғысымыз шексіз. Қажетті жарыстар мен жиындар уақытылы өтіп жатыр. Елді қуантып, халықтың үмітін ақтау- басты мақсатымыз, — деді бас жаттықтырушы.

    Биылғы Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер командасы толық құрамда өнер көрсетеді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласынжа жалауы желбіреген Олимпиялық ойындарға да Мырзағали Айтжанов бастаған команда толық құрамда қатысқан болатын.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *