Бүгін Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырымтоптық жарыста ұлттық құраманың спортшылары қос жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс жүлде индонезиялық Девика Соваға бұйырды.
Азия чемпионатында жеңіске жеткен велошабандоздар ел намысын абыроймен қорғап, намысты қолдан бермейтінін айтты.
Бірінші келгеніме әлі де сене алмай тұрмын. Жарыста қарсыластармен ғана емес, ыстық ауа райымен де күресуге мәжбүр болдық. Бірақ, сонда да жеңілмеуге тырыстық. Мақсатымызға жеттік, қуаныштымын, — деді Ақпейіл Өсім.
Азия чемпионаты ертең аяқталады.