• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sozmedia.kz

    Денис Тенге құрмет туралы бірер сөз…

    Қазақтың ақ айдындай жарығы Денис Тен.

    Сенің мұзда ойнақтап, оның астындағы қара жерге енгеніңе міне, биыл алтыншы жылға да кетті.

    Әлем сенің  құрметіңе «Denis Ten Memorial Challenge» сайысын айдынға әкелді. Сен бар да жарғақ құлағы жастыққа тимейтін жанкүйерлеріңмен мұз сарайында ине шаншар орын болмайтын. Сенің бізге беймәлім әлемге бет алғанына алтыншы жыл болса да кешегі жарысқа жиналған жанкүйерлеріңнің санында есеп болмады. Бұл бәлки қазақтың мұз жастанған ұлын аңсауы басылмағанынан болар….

    Жұртыңды бір жұдырықтай жұмылдыра жиыстырған «Алматы Аренаң» сілтідей тынып, сол бір Универсиада ойындарындағы дуылдап қоя берген шақты аңсап тұрғандай. Құдды алып шаһар мен емес пе ем дейтіндей.

    Сені көгілдір экрандағы тап-таза телекөрсетілімнен көріп, атауың берілген дәрежелі сайысты да дәл солай тамашалармыз десек, жарқыл-жұрқыл алуан түске еніпті. Теледидар мен әлеуметтік желідегі қатысушы ел атауы көрсетілер жерден көк байрақты көріп үйренген көзіміз экран бетін жапқан ал-қызыл түсті жазуларға тап болды. Секірісіңе, би қимылыңа, адым жолдарыңа берілген бағаны заманалы технология себінен туған «лезде көрсеткіш» кестесінен элемент атауымен қоса көріп, мәнерлеп сырғанаудың іш қазанында қайнап хабардар болып қалған біздер «аты бар заты жоқ» қимыл атаулары жазылған дәу кестеге мәнсіз үңілдікте қалдық.

    Сен бар да сенің атауың бар турнирге қоғам құлағын елең еткізер қазақ БАҚ-да үгіт-насихат хабарын жетер шегіне жеткізе айтушы еді. Енді сол үнді дәл солай шықпаған соң ба құлақ та еміс-еміс еске алуда.

    Қарындасың, ізбасарың мұз ханшайымы Элизабет Тұрсынбаева ізін көк туың астына көшіп кеп туысыңа айналған көрші қыз өрнегі басқаны оң ба оны да білмейміз.

    Қазақ тумаса да қазақтың жері тудырған құлыншақ. Жер кіндігінен алыстағы, халқы көп шаһар қаладан құс қанаты талып жетер орталықта — Астанада өткен мұз мәресі оны менмендеп тұрған челлендждер(турнир) қатарына  лайыктап жатқан ел айдының  жайлы бірер сөзім осымен тәмам …

     

    Ділназ БИШЕР

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *