• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Асылдың сынығы, бұлақтың тұнығы

    Ел үшін еңбек еткен ерен тұлғалардың есімдері ешқашан ұмытылмасы мәлім. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді», демекші, Қазақстан тарихын парақтай отырғанда қайбір саланы алып қарасақ та өзінің ел деген нартұлғалы қазақ азаматтарын кездестіреміз. Сол биік бәйтеректей халқына сая болып, туған халқының болашағы үшін соңғы сағатты соққанша адал қызмет атқарған абыз азаматтарды бүгінде жас ұрпаққа тәрбие ретінде дәріптеп, насихаттау үлкен парыз болып саналады.

    Тұлғалар арқылы ұрпақты тәрбиелеудің маңызы өте зор. Сондай жанның бірі, сонау 1960-1970 жылдары спорт министрі болып тұрған кезінде ел спортының еңсесін тіктеуге, жан-жақты дамытуға орасан үлес қосқан қоғам қайраткері, халық құрметтеген ардақты тұлға Каркен Ахметұлы Ахметовты айтқымыз келіп отыр.

    Каркен Ахметұлы спорт министрі болып тұрғанда ел астанасы Алматыда көптеген зәулім ғимраттар салынып, Қазақстан спортшылары шетелдегі жарыстарға алғаш болып шығып, тамаша жетістіктерге жетіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған берекелі кезең болғанын бүгінде сағынышпен еске аламыз. Каркен Ахметұлы туралы өзімнің жүрегімнен жарып шыққан 7 шумақ өлең бар еді. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы», демекші сол тау тұлға атамызға арнау өлеңімді осы жерде назарларыңызға сала кетсем артық болмас деген ой бар.

    Жанашыр жомарт тау тұлға

    Ел спортын алғаш болып басқарған

    Каркен Ахметов еді жанашыр да жақсы адам.

    Сол жылдары даму болды спортта

    Сол жылдардан басталады бас қадам

    Жоғары еді бұл жанның парасаты, пайымы,

    Орындамай қоймайтын сөзі өткір сойылды.

    Әлемге шығып танылып еліміздің спорты,

    Сондықтанда жақсы аты ел ішіне жайылды.

     

    Тұлғалы жанның тұсында Одаққа бәсеке тудырдық,

    Таланттар шықты топжарып белін бекем будырдық.

    Одақ түгіл әлемге шықты біздің саңылақтар

    Олжалы болып жарыстан бәйгемізді жудырдық.

     

    Шабамын деген жігітке ат берді ол мінгізіп,

    Үйсіз жүрген талантқа үй берді ол кіргізіп.

    Балауан Шолақ, Орталық стадион мен Медеуді

    Салдырды ғой сол кезде іске қосып жүргізіп.

     

    Спорт туралы баспасөз болмаған еді газеті,

    Осы олқылықты келтірген Каркен ата өзі еді.

    Алға қойған мақсатқа жетпей қоймайтын тау тұлға

    Барша елді қуантып газет ашқан кезі еді.

     

    Ел спортын дамыту тек болған еді ойында.

    Мәселені көтерді мінбелерден спорт жайында.

    Елеусіз қалған спорт түрлері еңсесін тік көтеріп,

    Ұлы көшке ілесті қан жүгірді бойына.

     

    Күн батады, шығар атып таң күліп

    Жылдар өтер бәрі де тұрмас мәңгілік.

    Ұмытылмас тек қана жақсының игі істері

    Өскелең ұрпақ ұмытпас жиі оны еске алып.

     

    Біз сол Каркен Ахметұлындай Қазақстан спортының дамуына айтарлықтың еңбегін сіңірген тау тұлғалы азаматтың өмір жолымен жақынырақ танысып, оқырман қауымға таныстыру үшін Алматыдағы Қарасай батыр көшесінде орналасқан өзі тұрған қарашаңырағына ат басын бұрып арнайы барған едік. Бізді есік алдынан Каркен атамыздың қара шаңырығының түтітін түтетіп, нартұлға атамыздың бар мұражайын ұстап отырған туған ұлы химия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің ұстазы Нұрлан Каркенұлы қазақы қонақжайлықпен, ақжарқын ақкөңілмен қарсы алды.

    Тау басында тік шыққан шынарда тұқымын жанына шашатыны белгілі. Алаштың абзал ұлдарының тұқымдарынан қалайда бір ел үшін еңбек еткен мінезді, дара туған дарындар дүниеге келетінін сөзсіз кездесітерміз. «Қазақта қасқа биеден қасқа тумаса да төбел туады», деген қанатты сөз бар. Осы бір сөздің төріне көз жүгіртсек, «Тектіден текті туады», деген сөзге сайып келеді. Нұрлан Каркенұлы Мәскеуде білім алып келіп, туған жерге туыңды тік демекші туған елден аластамай, елдегі химия ғылымының қыр-сырын терең білген үлкен ғұлама жанның бірі. Тіпті, осы химия саласында жаңа ғылыми зерттерулер жүргізіп, жаңа ғылыми өзгерістер ашқан ғалым.

    Нұрлан Каркенұлының еңбектері шет тіліне және орыс тіліне аударылып таралған екен. Бірақ та өзіміздің қазақ тіліне аударыуда өзіміздің аудармашылардың әлі сол кежегесі кері тартып қызығушылық білдірмей отырғаны өкінішті. Ол туралы Нұрлан Каркенұлының өзі де ауыр күрсіне айтып қояды. Иә, біз қолда бар алтынды бағалай алмайтынымыз, сонымен қатар дарынды жандардың еңбегін көре тұрсақ та қуана көрсете алмайтын кемшіліктеріміз жоқ емес. Дегенменде «Алтын күлде жатса да жылтырап шығады», демекшеі, бір уақытта Нұрлан Каркенұлының химия саласындағы еңбектері де ел игілігіне айналып шығатын кез болар деген үміттеміз.

    Хош, сонымен Каркен Ахметұлының үйіне бізде бір топ жан болып барған едік. К.Ахметов атындағы Олимпиада ізбасараларын даярлайтын республикалық мектеп-интернат колледж директорының орынбасары Салтанат Орынқызы Түлепбекова, психолог, тәрбиеші Гүлмира Нұрманқызы Желдібаева айтулы мектептің бір топ оқушы спортшылары бар еді. Каркен атамыздың өмірі мен мұражайы туралы ұлы Нұрлан толықтай таныстырып өткеннен кейін балалар көкейлеріндегі сұрақтарын Нұрлан Каркенұлына қойып, қанағатты жауаптарын алды.

    Мұражайда Каркен Ахметұлының көзі тірісінде шет елден алып келген базарлықтары, жеке кітапханасы, қажетті жәдігерлер орын алған екен. Негізі осындай тарихи құнды қазыналарға толы мұржайларды Үкімет өз қанатына алып, көшпелі қылып ұйымдастырып отырса, халық қадірлі тұлғаларының өмірлерінен жақсы хабардар болар еді деген ой келді. Көшпелі мұражайлар қандайда ірі республикалық іс-шаралардың ішінен табылып, халық назарында болса нұр үстіне нұр болар еді ғой.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *