• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Былтыр «Оқжетпес» шипажайдарында 45 мыңға жуық адам ем алған

    Былтыр Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты шипажайларда 45 мыңға жуық адам ем алған. Оның ішінде «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде 27 554 адам емделсе, оның 1 936 шетел азаматтары.

    «Almaty resort» Алматы қаласындағы шипажай филиалында 261 шетел азаматын қосқанда 10 992 адам ем алған. Ессентуки курорттық қаласында орналасқан «Қазақстан» шипажайына 4 881 адам барса, соның ішінде 1 489 шетел азаматы емделген.

    «Оқжетпес» брендіне бүгінде үш ірі шипажай кіреді. Олар: Бурабайдағы «Оқжетпес», Алматы қаласында орналасқан «Almaty resort» және Ессентуки курорттық-аймағындағы «Қазақстан» шипажайы. Әр шипажайда 13 сауықтыру және 10-нан астам оңалту бағдарламасы мен 112 емдік шарасы бар.

    Еліміздегі медициналық туризмді дамыту мақсатында әр шипажай бірегей емделу бағдарламаларын ұсынады. Үш шипажайға шетел азаматтар тарапынан қызығушылық артып келеді. Оның ішінде көш бастап тұрған Ресей мен Әзербайжан мемлекеті.

    Ең көп сұранысқа ие ем шаралар тізімінде сумен емдеу (гидротерапия), галотерапия, пантотерапия және нафталан шарасы бар.

     

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *