• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazchess.kz

    Шахматшы Ксения Балабаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Шахматшы Ксения Балабаева Испанияның Севилья қаласында өткен дәстүрлі Ciudad de Sevilla халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Ұлттық құраманың шахматшысы рапидтен 9 партияның жетеуінде тамаша өнер көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

    19 қаңтарда бір отандасымыз Арыстанбек Уразаев қола жүлдеге ие болды. Ол 9 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинады. Биыл бұл жарыс 50-рет ұйымдастырылды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *