• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Халықтың жағдайын ойлаған компания

    Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Алатау қаласына жол түсті. Өйткені біз Қазақстандағы тез дайындалатын кеспе өндірісінің көшбасшысы – халықаралық сауда-өндірістік компания «Маревен Фуд Тянь-Шань»-ның 10 жылдық мерейтойына келген болатынбыз.

    Компанияның территориясына кіргенімізде көзімізге ең алдымен қаз-қатар тізіліп тұрған су жаңа жедел жәрдем көліктері түсті. Олардың әрқайсысының қасында бір фельдшер мен бір көлік жүргізуші сап түзеп тұрды.

    Біздің ойымызша, денсаулық сақтау саласы – елдегі ең маңызды салалардың бірі. Азаматтарымыздың, соның ішінде елдің тұрғындарының денсаулығының мықты болғаны қоғам үшін мәртебе деп санаймын. Сондықтан, жедел жәрдем көліктері – өңір үшін нақты пайдасы тиетін сыйлық деп шештік, –  деді компанияның атқарушы директоры Алексей Сердюков.

    Содан кейін салтанатты түрде көліктердің кілтін табыс ету рәсімі болды.

    Компания өздерінің тойларында облыс халқының денсаулығын ойлап, көліктер сыйлауда. Он жедел жәрдем көліктері облыстың он ауданына жол тартатын болады, – деп ризашылық көңілмен ақ тілегін, алғысын Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов жеткізді.

    Осыдан кейін тілшілер қауымы қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып, компанияның автоматтандырылған жүйемен жұмыс істеп жатқан барлық бөлімдерін түгел аралап, көріп шықтық. Модератор Анна Орлова бізді фабрикадағы рет-ретімен орындалып, атқарылып жатқан жұмыс процестерімен таныстырды. Ал, туындаған сұрақтарға әрбір фабриканың директорлары түсінікті түрде жауап қайтарды. Біз кеспе өнімдерінің ұн мен судан қалай дайындалатынын өз көзімізбен көрдік.

    Компания Қазақстанда 2015 жылы тіркеліп, ал 2018 жылы Қонаев қаласына жақын жерде азық-түлік өндіретін ірі зауыт іске қосылды. Бүгінде «Маревен Фуд Тянь-Шань» Қазақстандағы азық-түлік өндірушілерінің ТОП-10 қатарына кіреді.

    Біздің компания Қазақстан Республикасының нарығында 10 жылдан бері сенімді дамып келеді, әрі өнімнің шамамен 48 пайызын Орталық Азия елдері мен басқа да мемлекеттерге экспорттайды. Компанияның дамуы сандармен де расталады. Мәселен, 2017 жылдан бастап «Маревен Фуд Тянь-Шань» 35 миллиард теңгеден астам инвестиция құйды, алдағы жоспарларда – 21 миллиард теңгеге жаңа өндірістік желілер салу жоспарлануда. Компания айналымы 8 еседен астам өсті, ал сатылым көлемі шамамен 400 млн бірлікке жетті, – деді компанияның бас директоры Сергей Попов.

    Маревен портфолиосында 120-дан астам өнім түрі бар. Тек 2024 жылы компания 12 жаңа өнімді нарыққа шығарды. Олардың арасында тез дайындалатын кеспеден бөлек, лимонадтар (Sunbel), энергетикалық сусындар, дәстүрлі макарон өнімдері, сорпалар, дәмдеуіштер, құрғақ қоспалар, картоп пюресі мен ботқалар бар.

    «Маревен Фуд Тянь-Шань» – Алматы облысындағы ірі инвестициялық жоба ретінде тек сапалы өнім өндірумен ғана шектелмейді, жұмыс орындарын ұсынып, әлеуметтік жауапкершілікті де басты назарда ұстайды. Бүгінде компанияда 670-тен астам адам жұмыс істейді, олардың 95 пайызы жақын маңдағы елді мекен тұрғындары. Компания әлеуметтік әлсіз топтарға тұрақты түрде қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп келеді, төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық қолдау білдіреді, сондай-ақ аймақтағы инфрақұрылымды жақсартуға күш салады.

    Биылғы жылы Маревен ел ішіндегі нарықты одан әрі дамытуға күш салып, тұтынушыларға кем дегенде 20 жаңа өнімді ұсынуды жоспарлап отыр. Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады, ал өндірілетін азық-түлік өнімдері ҚР-сының заңнамасында белгіленген талаптар мен нормативтерге толық сәйкес келеді.

     

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *