• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    World Boxing: Қазақ боксшылары уақытынан бұрын жарытлай финалға шықты

    Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектер болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Күндізгі сессияда күтпеген жерден 60 кг салмақта Серік Теміржанов жапониялық спортшыға есе жіберді. Әзірше бұл салмақта отандастарымызға ірі жарыстардың жүлдесі бұйырмай келеді.

    80 кг салмақта Нұрбек Оралбай мен 57 кг салмақта Айдана Забынбекова рингке шықпай-ақ, жартылай финалға шықты. Осы орайда Айдана Забынбекова алғашқы ірі додасында ешкіммен кездеспей, жүлдегерлердің қатарына кіріп үлгерді. 70 кг салмақта Наталья Богданова терезесі теңдей жекпе-жекте Бразилия спортшысынан жеңісті жұлып алды.

    Кешкі сессияда әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 4 мәрте филиппиндік боксшыны нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңсе, 75 кг салмақта Сабыржан Аққалықов техникалық шеберлігімен Канада өкіліне еш мүмкіндік қалдырмады. Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай қабағындағы жарақатын ескеріп, Италия боксшысымен өте сақ жұдырықтасты.

    Айқастың ең қызық сәті шешуші раундта тіркеліп, төреші қос боксшыға да ескерту берді. Нәтижесінде Айбек Оралбай 4:1 есебімен басым түсті.

    Ертең де бокс жанкүйерлері ширек финалды кешкі 19:00-де тамашалай алады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *