Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты.
Ол украиналық Валерия Страхова екеуі жарыстың 1-ракеткалары болып тіркеліп, доданы бірден ширек финалдан бастады.
Құламбаева мен Страхова испаниялық Кристина Дьяс-Адровер мен нидерландылық Антония Стояновпен ойнап, жеңіске жетті.
Бірінші партияда испан мен нидерландылық дуэт 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте Құламбаева – Страхова 6:1 есебімен жеңді. Содан кейін супер тай-брейкте сәтті ойнады. Есеп — 10:3.
Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева – Валерия Страхова финалға шығу үшін ресейлік Полина Бахмуткина мен Кристина Кройтормен кортқа шығады.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА