• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: Ришат Хайбуллин – күміс жүлдегер!

    Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде ұлттық құрама команданың спортшысы Ришат Хайбуллин күміс медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Ол әуелі жылдамдық бағдарламасының іріктеуінде 5.03 секунд нәтиже көрсетіп, 8-орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалда төбеге 4.83 секундта көтеріліп, жеке рекордын жаңартты (мұнда әлем рекорды 4.64 секунд). Ал финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем кубогының бірнеше дүркін иегері америкалық Самюэл Уотсонға есе жіберді.

    Аздап шаршадым. Бірақ осы жарыстан жүлде жеңіп алғаныма ерекше қуаныштымын. Маған Шамони қаласы қатты ұнайды. Әлем кубогын өткізуге таптырмас жер екен, — деді Ришат Хайбуллин финалдан кейін Халықаралық құзға өрмелеу федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

    Тағы бір спортшымыз Әмір Маймұратов іріктеуде екінші орын алды (4.89 секунд). Алайда отандасымыз шешуші кезеңде қарсыласына есе жіберді.

    Шамони — мен үшін ерекше қала. Мұнда мен әлем кубогындағы алғашқы финалыма қатысқам. Краковтағы кезеңнен кейін көп уақыт өткен жоқ. Меніңше, сондықтан осы жарыста бәрі жоғары нәтиже көрсетті,- деді Әмір Маймұратов финалдан кейін Халықаралық құзға өрмелеу федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *