• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Hector Vivas/FIFA via Getty Images

    «Челси» — клубтар арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Бүгін Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

    Финалда Англияның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Матчта ағылшындар клубының ойыншылары қарсыластарының қақпасына қауіпті жағдай жасай бастады. Соның нәтижесінде ойынның 22-минутында Коул Палмер есеп ашса, одан кейін ол  30-минутта тағы да нысананы дәл көздеді.

    43-минутта Коул Палмер тағы да көзге түсті. Ол Жоао Педроға пас беріп, оның соңы голға айналды. Осылайша, «Челси» 3:0 есебімен жеңіп, алғаш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатының бас жүлдесін басынан асырды.

    Әлем чемпионатының жүлде қоры  1 миллиард АҚШ доллары болды. «Челси» 125 миллион долларды иеленді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөлісті.

    Биылғы доп додасында 32 команда сынға түсті.

    Бұған дейін 2021 жылы «Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған болатын. Сол кезде ағылшындар командасы Бразилияның «Палмейрас» клубын жеңген еді. Ал Мадридтің «Реал» жасағы клубтар арасындағы әлем чемпионы атағын бес рет иеленген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *