Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі мәресене жетті. Бұл туралы Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы хабарлады.
Бүгін даянгқа 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шығып, 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 68 медаль алып, көш бастады. Екінші орынға Жеке бейтарап спортшылар (AIN), үшінші орынға Палестина спортшылары тұрақтады.
Жүлделі орындар төмендегідей:
Ұлдар
33 кг 1. Мирас Пазылов (Қазақстан) 2. Қайсар Қапан (Қазақстан) 3. Ерназар Ермекұлы (Қазақстан) 3. Мирас Әділов (Қазақстан)
37 кг 1. Шодияр Рузматов (Қазақстан) 2. Бекдәулет Бауыржан (Қазақстан) 3. Мохаммед Юсеф Әлблоши (ОАЭ) 3. Төрегелді Оралхан (Қазақстан)
41 кг 1. Руслан Стацина (Қазақстан) 2. Нұрислам Төлепбергенов (Қазақстан) 3. Ибрагим Ашимов (Қазақстан) 3. Марғұлан Айтжан (Қазақстан)
45 кг 1. Сұлтанмұхаммед Розиев (Қазақстан) 2. Нұрғазы Балғабай (Қазақстан) 3. Таир Меңдібаев (Қазақстан) 3. Диас Мұқатбек (Қазақстан)
49 кг 1. Ралиф Сазазов (Қазақстан) 2. Арслан Қабдош (Қазақстан) 3. Эдуард Ли (Қазақстан) 3. Ерасылжан Марат (Қазақстан)
53 кг 1. Ерсултан Оразбекұлы (Қазақстан) 2. Халифа Тарик Әлшамси (ОАЭ) 3. Алан Жүнісов (Қазақстан) 3. Салауат Ермекұлы (Қазақстан)
57 кг 1. Алихан Өмірәлі (Қазақстан) 2. Роман Цой (Қазақстан) 3. Абдулла Мохаммед Әлхарти (Сауд Арабиясы) 3. Еламан Сержанұлы (Қазақстан)
61 кг 1. Мирас Исенгелдин (Қазақстан) 2. Данис Назипов (Қазақстан) 3. Али Хуссейн Әлбухамуд (Сауд Арабиясы) 3. Батырхан Ахмет (Қазақстан)
65 кг 1. Айдын Пернебек (Қазақстан) 2. Ибрагим Жүсіпов (Қазақстан) 3. Искандер Даутов (Қазақстан) 3. Нұриман Дүйсебай (Қазақстан)
+65 кг 1. Евгений Щур (AIN) 2. Али Юсеф Әлмотевех (Сауд Арабиясы) 3. Алихан Қасымхан (Қазақстан) 3. Әлішер Талғатұлы (Қазақстан)
Қыздар
29 кг 1. Аяру Орынғали (Қазақстан) 2. Лидия Нарыжная (Қазақстан) 3. Аружан Қожабай (Қазақстан) 3. Қарақат Хаджымұрат (Қазақстан)
33 кг 1. Ева Шчирова (AIN) 2. Валерия Капля (Қазақстан) 3. Айлин Ибрагимова (Қазақстан) 3. Әдина Өтеген (Қазақстан)
37 кг 1. Алтынай Батырғали (Қазақстан) 2. Томирис Бейбітшілік (Қазақстан) 3. Аиша Ғаип (Қазақстан) 3. Жасмин Нұрсұлтанқызы (Қазақстан)
41 кг 1. Шахризода Акрамова (Қазақстан) 2. Айша Еркін (Қазақстан) 3. Амина Гилманова (Қазақстан) 3. Інжу Максотқызы (Қазақстан)
44 кг 1. Самира Хаитова (Өзбекстан) 2. Шаббон Исламбаева (Қазақстан) 3. Айша Мұржанова (Қазақстан) 3. Нұрайлым Қалдар (Қазақстан)
47 кг 1. Аиша Бауыржан (Қазақстан) 2. Диана Иванкова (Қазақстан) 3. Аиша Жаңаберген (Қазақстан) 3. Әкерке Сайпулла (Қазақстан)
51 кг 1. Аида Гожалимова (Қазақстан) 2. Зере Қажымұқан (Қазақстан) 3. Мариам Жасим Альбанна (ОАЭ) 3. Жанелия Жақсылықова (Қазақстан)
55 кг 1. Талине Риад Велли (Палестина) 2. Томирис Сыздықова (Қазақстан) 3. Лемар Шакен (Қазақстан) 3. Талия Алаттар (Сауд Арабиясы)
59 кг 1. Жанна Палмахова (Қазақстан) 2. Алуа Болат (Қазақстан) 3. Маттар Мераил Мохаммед (Сауд Арабиясы) 3. Хадиша Исламбек (Қазақстан)
+59 кг 1. Жібек Ергазы (Қазақстан) 2. Фатима Саад (ОАЭ) 3. Ангелина Батареева (Қазақстан) 3. Аяру Болатова (Қазақстан)
Турнир 14–16 тамыз аралығында болып, Қазақстан ересектер құрамасы 38 медаль, жастар құрамасы 69 жүлде жеңіп алды.