Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльспен және Бельгиямен матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.
Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі рет ойнайды. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасымен, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен ойнайды. Екі матч та 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болады.
Уэльспен ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылып жатыр.