• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    BAQ Liga Журналистер біріншілігі

    Биыл бұқаралық спортпен 300 мыңнан астам адам айналыса бастаған

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты қолдау мен спортшыларға жағдай жасауды тұрақты назарда ұстап келеді. Президенттің бастамалары негізінде елімізде бұқаралық және балалар спорты қарқынды дамып жатыр.

    Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысты. Бұл – жалпы халықтың 41,4% пайызы. Оның ішінде 6 021 117 адам (72%) – ер адам болса,  2 385 096 адам (28%) – әйелдер. 3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады.

    Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан. Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ға жеткізу.

    Балалар спорты – басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

    Сонымен қатар,еліміз  бойынша 912 жасөспірімдер клубы жұмыс істеп, 298 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді спортпен қамтып отыр, — делінген хабарламада.

    Бұл бағдарламаларға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың міндеті – спортты дамытуға арналған қаржыландыруды барынша қамтамасыз ету.

    Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту – халықтың денсаулығын нығайтудың, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және жас ұрпақты тәрбиелеудің басты тетігі.

    Фотода Астана қаласында БАҚ өкілдері арасында жыл сайын ұйымдастырылатын BAQ Liga Журналистер біріншілігіне қатысатын Sadaq Media футбол клубы

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *