• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына суға жүзуден төрт жүлде түсті

    Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасы үшін алғашқы жарыс күні сәтті өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Қазақстан спортшылары 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

    Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:

    Тайисия Короткова (баттерфляй, 100 м) – күміс медаль;

    Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 200 м) – күміс жүлде;

    Маргарита Раенко (шалқалай жүзу, 200 м) – қола медаль;

    Қазақстан құрамасы (аралас эстафета 4×100 м, еркін әдіс) – қола жүлде;

    Суға жүзуден жарыс Гянджа қаласында болып жатыр. Барлығы ойындар Әзербайжанның 7 қаласында қатар болады.

    Биыл 13 елден келген 1624 спортшы 23 бағдарламада жүлдеге таласады. Бүгін кешке Гянджа қаласында ойындардың салтанатты ашылуы өтеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *