• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға екі медаль салды

    Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы екі жүлдені жеңіп алып үлгерді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Скит жаттығуында аралас жұптық сында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жұбы аса тартысты өткен финалда күміс жүлдегер атанды.

    Микстен жүлдегерлер:

    1. Ресей
    2. Қазақстан
    3. Әзербайжан

    Ал трап жаттығуында жекелей сында Наргиза Сарманова қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 30 ұпай жинады. Тағы бір отандасымыз Анастасия Прилепина 6-сатыға тұрақтады.

    Трап бағдарламасының жүлдегерлері:

    1. Алина Ахатова (Ресей)
    2. Нармин Джафарова (Әзербайжан)
    3. Наргиза Сарманова (Қазақстан)

    Стенд атудан жарыс 1 қазанда мәресіне жетеді. Спорттың бұл түрінен Габала қаласында 8 отандасымыз жүлдеге таласып жатыр. Олардың қатарында биыл Шымкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған Ангелина Сорокина, Наргиза Сарманова сынды мергендер бар.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *