• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан пара волейбол федерациясы

    Әлем кубогы: Қазақстан мен АҚШ ойыны

    АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

    Бұл дүрмекті додаға 14 ерлер және 6 әйелдер құрамасы қатысып жатыр. Бұған дейін Бауыржан Тахауовтың жасағы әуелі Италия құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Содан кейін Польша, Канада мен Франция құрамаларымен ойында да  дәл осындай есеппен жеңіске жетті.

    Кеше Қазақстан командасы әлем кубогының фавориті саналатын АҚШ-пен ойнайды. Бұл ойындағы алғашқы екі партияда отандастарымыз 27:25, 25:21 есебімен басымдық танытты. Одан кейін алаң иелері есепті теңестірді. Сөйтіп, есеп 25:22, 25:17 болғанда Қазақстан құрамасының тынысы ашылып, жеңіске жету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасады. Бесінші сетте 15:12 есебімен алға шықты. Қорытынды есеп – 3:2.

    Осылайша, Қазақстан топтық кезеңде қатарынан бесінші матчта қарсыластарынан айласын асырды.

    Енді ұлттық құрама Таиланд командамасымен ойнайды.

    Бұл турнирде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингілік ұпайлар беріледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *