• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Әмір Омарханов алғашқы жеке титулын жеңіп алды

    18 жастағы Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол финалда өзімен қатарлас, әлемдік рейтингіде 824-орында тұрған германиялық Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді.

    Матч тартысты болды. Бірақ Омарханов шешуші сәтте басымдықты сақтай білді. Ол бұл титулды алу үшін турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын жеңді.

    Қазақ теннисшісінің қарсыласы  Шонхаус  — ITF Juniors бойынша әлемнің екінші ракеткасы. Ол алдыңғы аптада Тунисте өткен ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанған еді. Біздің жас спортшы оның бұл атағына қараған жоқ. Кортта Шонхаусқа еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті.

    Осылайша, Омарханов жекелей сындағы алғашқы титулын жеңіп алды. Еске сала кетсек, Омарханов — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Ол кезінде Петр Нестеровтың қол астында жаттыққан.

    Қазір Әмір әлемдегі ең мықты мектептердің бірі болып есептелетін Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін шыңдап жатыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *