• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан таэквондо федерациясы

    Таэквондошы Батырхан Төлеуғали — әлем чемпионы!

    Таэквондошы Батырхан Төлеуғали (87 кг) Кенияның Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Ол финалда Иран елінің өкілі  Мохаммед Ализадені жеңді. Оған дейін отандасымыз австралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді жеңген еді.

    Чемпионатта таэквондодан Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден аса) чемпион атанса, Темірлан Тілеулес (63 келі) қола жүлдені алды. Осы ретте айта кететін бәр нәрсе, мұндай көрсеткіш Қазақстан таэквондо (WT) тарихында ешқашан болмаған.

    Бүгін ел құрамасынан Ақбота Желеу (46 кг), Аяулым Асқар (62 кг), Арсылан Ерментаев (68 кг) қарсыластарынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

    Кенияда жалауы желбіреген әлем чемпионатында 75 елден 500-ге жуық даянг шебері күш сынасты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *