• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Шорт-трек федерациясы

    Қазақстан шорт-тректен төрт медаль жеңіп алды

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Шорт-трек федерациясы.

    Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдені жеңіп алды. Спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді.

    Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды.

    Турнир 23 қаңтарда аяқталады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *