• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    thevoicemedia.kz

    Астанаға жапон күресінің жампозы Ерсін Балтағұл келе жатыр

    15 ақпанда сағат 15.00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу болады, Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі.

    Ерсін Балтағұл – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы әрі қазіргі таңда Жапонияда жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстанның жалғыз өкілі. Ол спорттық жолын қазақ күресі мен дзюдодан бастап, ұлттық мектептен шыңдалып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен.

    Алматы қаласының тумасы Жапониядағы Нихон университетін тамамдағаннан кейін кәсіби сумода Кинбозан Харуки лақап атымен танымал болған. Бойы 195 сантиметр, салмағы 178 келі спортшы бүгінгі таңда сумо күресінің ең жоғарғы дивизионы – Макуутиде өнер көрсетуде.

    Жекпе-жек сарайында жоспарланған кездесуге қазақ күресінің абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген түйе балуандар, сондай-ақ Qazaqstan Barysy республикалық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Ұлан Рысқұл, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев, Мақсат Исағабылов пен дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары қатысады.

    Іс-шарада қатысушылар Ерсін Балтағұлдың сумодағы кәсіби жолы, Жапониядағы дайындық жүйесі, сумо мәдениеті, сондай-ақ оның ұлттық спорттан халықаралық аренаға шығу тәжірибесі жөнінде тың ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

    Кәсіби сумо шебері Жапонияда өткен «Хацу басё – 2025» кубогында үшінші орынға ие болып, ел тарихындағы маңызды жетістікке жеткен болатын. 15 күнге созылған турнирде Кинбозан Харуки қарсыластарын 13 рет жеңіп, 2 рет жеңілген.

     

    Аккредитация: Қанат Атаманов, 87752922795 (ватсапп)

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *