• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Ризабек Айтмұқан Super 4 Wrestling турнирде жеңімпаз атанды

    Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

    -Финалдық белдесуде ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен қапы қалдырды. Нәтижесінде халықаралық турнирдің чемионы атағын жеңіп алды.

    Отандасымыз одан бұрын болгариялық Ахмед Батаевтан басым түсті.

    Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2023, 2024, 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

    Еске салсақ, бұдан бұрын 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

    Данияр Қайсанов 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. 2019 жылы ол әлем біріншілігінде үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының екі алтын медалі бар.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *