Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шыққаны үшін қомақты сыйақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннисші финалда Польшаның спортшысы Ига Швёнтектен 0:2 есебімен (2:6, 3:6) есе жіберді. Солай болса да ол жарыстың соңғы ойынына шығып, финалист атанғаны үшін 564 920 доллар (262,8 миллион теңге) сыйақы алды.
Финал 13 тамыздан 14 тамызға қараған түні болды. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Швёнтек бірде-бір эйс жасамады. Бір рет қана қателесті. Брейк-пойнттардың бесеуінің төртеуін пайдаланды. Ал Рыбакина бір эйс жасап, төрт рет қателік жіберді. Отандасымыз өзіне берілген екі брейк-пойнттың бірін де пайдалана алмады.
Canadian Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион 85 мың 200 доллары болды.
Рыбакина финалға шыққаны үшін әлемдік рейтингте 650 ұпай иеленді. Ол финалға дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпаздары — Наоми Осака мен Кори Гауффты жеңді. Соңғысынан камбэк жасап, жеңіске жетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары