• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Азиадада волейболшыларымыз ширек финалға шықты

    Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды.

    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші ойнын үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасымен ойнады. Матч 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасы Филиппин командасын жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді. Қытаймен матч топтағы бірінші орын иегерін анықтады.

    Ширек финалдық ойындар 20 қыркүйекте болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *