Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өткен Гран-при кезеңіндегі жарысын аяқтады.
Ол екі күннің қорытындысы бойынша 206,89 ұпай жинап, әйелдер арасындағы жекелей сында бесінші орынға ие болды.
Самоделкина қысқа бағдарламада 71,84 ұпай, ал еркін бағдарламада 135,05 ұпай жинап, екі кезеңде де бесінші нәтиже көрсетті. Осылайша, ол турнирді үздік бестіктің қатарында аяқтады.
235,44 ұпай жинаған жапониялық Мао Симада жарыс жеңімпазы атанды. Эстониялық Нина Петрыкина (221,07) күміс жүлдеге ие болса, америкалық Изабо Левито (212,22) үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейін ол Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламаны орындады.
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай жинады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА





SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары