Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды.
Финалдық кездесуде ол сербиялық Александра Круничпен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. 24 жастағы сербиялық теннисші әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 101-орында тұр. Ал 23 жастағы отандасымыз – 207-орында. Мәліметтерге сәйкес, жарыстың жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.
Айта кетейік, Зарина Дияс жартылай финалда жергілікті теннисші Наоми Брэдиді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Британдық спортшы рейтингте алтыншы орында келеді.
Манчестер қаласындағы жеңісінен кейін Зарина Дияс жаңартылған рейтингіде 74 орынға көтерілді. Қазіргі уақытта ол 133-орынға жайғасты. Қазақстанның бірінші ракеткасы атағы әзірге Юлия Путинцеваның еншісінде. Соңғы рейтингіде ол 42-орыннан 44-орынға сырғыды. Ал тағы бір отандасымыз Ярослава Шведова 47-орыннан 48-орынға түсті.
Ал әлемнің бірінші ракеткасы атағы әзірге неміс Анжелик Керберге тиесілі. Екінші орынға румыниялық Симона Халеп орналасса, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеп тұр.