25 қаңтар күні Қазақстан спорт журналистері қауымдастығы Жалпы жиналыс өткізіп, ассоциацияның президентін жаңадан сайлайды, делінген аталған ұйымның хабарламасында.
Осы күні Нұр-Сұлтан қаласында Қауымдастықтың Жалпы жиналысы өтеді. Оған әр облыстың өкілі қатысады деп күтіліп отыр. Бұл жиында Ассоциацияның бұрынғы басшылары есеп беріп, баяндама жасайды. Одан кейін басшылық қызметтегі тұлғалары және Атқару комитеті мүшелері қайта сайланады.
Жалпы жиналыстың күн тәртібі:
1) 2013-2019 жылдар аралығындағы ҚСБҚ жұмысына есеп беру баяндамасы
2) ҚСБҚ президенті мен Атқару комитеті мүшелерін сайлау
3) Басқа да мәселелер
Қазақстан спорт журналистері қауымдастығының Жалпы жиналысына Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысады.