6-8 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек ұйымының директорлар кеңесі өтті, деп хабарлады қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.
Оған IMMAF президенті Керит Браун, IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі және Азия аймағы бойынша директоры Висам Аби Надер, Өзбекстан Республикасы аралас жауынгерлік жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті Шерзод Тошматов және ММА қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен қатысты.
Кеңесте Орталық Азия аймағында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегін дамыту және танымал ету, биылғы жылдың маусымында Нұр-Сұлтан қаласында ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының өткізу, сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құру мәселелері кеңінен талқыланды.
Одан кейін соңғы көтерілген мәселе бойынша нақты келісім жасалды. Яғни, отырыста ММА Орталық Азия конфедерациясын құру туралы хаттамаға қол қойылды. Оның президенті болып Өзбекстан аралас жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Оттабек Омаров тағайындалды. Ал Конфедерацияның вице-президенті лауазымына IMMAF Директорлар кеңесінің мүшесі Искандер Кәрім мен ММА Қазақстан біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен бекітілді. Кеңесте сондай-ақ, ұйымның штаб-пәтері Өзбекстанда орналасатын болып шешілді.
Жиында IMMAF президенті Керит Браун Азия чемпионатының қазақстандық ММА федерациясының қолдауымен тиіс деңгейде өтетініне сенім білдіре отырып, Қазақстан спортшыларының халықаралық жарыстардағы жетістіктеріне көңілі толатынын, сондай-ақ, биылғы чемпионатта да қазақтар жақсы өнер көрсететінін айтты.
Кеңес қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Қазақстандық ММА федерациясы Әнуар Садықұлов. Федерация Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді.