• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Головкин мен Альварес жекпе-жегі тең аяқталды

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жек тең аяқталды.

    Бастапқы раундтарда «Канело» белсенділік танытып, Головкинге бірнеше соққысын дартыта білді. Дегенмен, джеб соққылары Альвареске дөп тиді.

    Үшінші-төртінші раундта Геннадий жылдамдығын арттырып, жекпе-жекке кірісе бастады. Альварестің осал тұсын тауып, бүйірден соққылауға тырыстып бақты.

    Бесінші раундта Головкин шабуылды үдете түсіп, «Канелоны» бұрышқа тықсырып, бірнеше анық соққы жасады. Бұл раундта Альварес тек қорғаныспен болды. Геннадий бұл үш минутты өз пайдасына шешті.

    Алтыншы раундта Сауль біраз шаршағандай көрінді. Бұрыштан-бұрышқа қашып, қорғаныспен жүрді. Бірақ, реті келгенде Головкинге соққы жасап жүрді.

    Айқастың нағыз қызған шағы сегізінші-тоғызыншы раундта болды. Бұл шақта Головкин қарсыласын қыспаққа алып, мексикалық боксшыға соққы жасауға еш мүмкіндік бермеді. Бұл екі раундта да отандасымыз ұпай санымен басым болды.

    Кездесу аяқталып жатқанын сезген қос боксшы 10-раундта ұпай алу үшін кезек-кезек соққы алмасты. Екеуі де алға ұмтылып, бірінші нөмірмен жұмыс істеуге тырысқан болды. Ашық айқастан қашқан жоқ.

    Ал соңғы 12-раундта Альварес бірінші раундтағы басымдылығын қайта қолға алды. Бірақ, соңғы үш минуттың ортасына келгенде «Канело» шаршап қалды. Головкинді қайта-қайта құшақтап, уақыт созумен болды. Осы арқылы ол Головкинге соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Бұл да оның тактикалық жүрісі еді.

    Осылайша, кездесу қорытындысы төрешілердің шешімімен аяқталды. Бірінші төреші жеңісті Альвареске берсе, екіншісі отандасымызды жеңіске жетті деп есептеген екен. Ал үшінші төреші кездесуді тең деген шешім шығарды.

    Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Айқасты көру үшін залға 22358 адам жиналып, жаңа рекорд орнады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *