• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жаттықтырушыларға жаңа міндет жүктелді

    Астанада Қазақстан күрес федерациясының кезекті отырысы өтті. Оған федерацияның вице-президенті Данияр Абулгазин, грек-рим күресі бойынша вице-президент Дәулет Тұрлықанов, халықаралық қатынастар және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Сәкен Мұсайбеков, төрешілер корпусы мен жаттықтырушылар кеңесі жөніндегі вице-президент Ерлан Қожасбай қатысты.

    Жиында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ұлттық құрама команданың есебі тыңдалды. Жаттықтырушылар Парижде өткен әлем чемпионатының қорытындысы туралы есеп берді.

    Отырыста бапкерлерге күресті дамыту, жаттықтырушылардың жұмысын одан әрі жақсарту міндеті жүктелді.

    Сондай-ақ, отырыста елдегі қала, аудандарда күрес залын ашып, оларды кілеммен қамтасыз ету туралы шешім қабылданды. Ал төрешілер жұмысын жақсарту үшін оларға тренинг, семинарлар өткізу туралы айтылды.

    Күрестен Қазақстан құрамасы алдағы уақытта түрлі халықаралық жарыстарға қатысады. Соның бірі — 17 қыркүйекте Ашғабадта басталатын жабық алаңдағы Азия ойындары. Ал келер жылғы басты дода Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ.

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *