• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ПСЖ бірден алты ойыншысын трансферге шығарды

    Францияның «Пари Сен Жермен» командасы УЕФА-ның қойған қаржылық фэйр плей ережесін бұзбас үшін алты ойыншысын трансферге шығарып отыр. Бұл туралы AS.com басылымы хабарлады.

    Басылымның хабарлауынша, париждіктердің қаржылық фэйр плей ережесін бұзған жағдайда УЕФА басшылығы Чемпиондар лигасының 2018/2019 маусымына қатысу құқығынан айыратынын ескерткен. Осыған байланысты ПСЖ бірден алты ойыншысын сатылымға қоймақ. Олар: Анхель Ди Мария, Хавьер Пасторе, Лукас Моура, Юлиан Дракслер, Хатем Бен Арфа, Тиагу Силва, Блез Матюиди және Серж Орье. Нәтижесінде, Блез Матюиди мен Серж Орье тиісінше «Ювентус» пен «Тоттенхэмге» ауысып кетті.

    Жазда «Пари Сен Жермен» 222 млн еуроға бразилиялық Неймарды «Барселонадан» сатып алып, трансферлік рекорд орнатқан болатын. Бұл жерде айта кетерлігі, ресми ақпарат бойынша бразилиялық шабуылшы келісімшартында көрсетілген соманы өз есебінен шығарған. Ал оған бұл қаржы 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатына елші болғаннан кейін берілді. Сондай-ақ, париждіктер «Монаконың» 18 жастағы шабуылшысын жалға алған. Рас, алдағы жазда француз үшін 180 млн еуро төлейді.

    Трансферлік уақыт аяқталғаннан кейін, яғни 1 қыркүйек күні УЕФА жоғарыда айтылған жайттар бойынша париждіктерге қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

    Қаржылық фэйр плей ережесін УЕФА-ның бұрынғы басшысы Мишель Платини 2012 жылы орнатып кеткен. Бұл ереже бойынша еуропалық командалар бір маусым ішінде тапқан пайдасынан артық қаржы жұмсауына болмайды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *